Бекзада мұң – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Бекзада мұң» атты Танакөз Толқынқызы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1753
Бекзада мұң таңдап алған ашынам.
Кеш қарайса тағы шарап ішеміз.
Мұң шарабы мың жыл тұрып ашыған
Ішкен сайын қара терге түсеміз.
Кел, Күз мырза! Сүйші мені тартынбай,
Көйлегіме қол жүгірсін самалың.
Жұпарымнан іше алсаң іш алқынбай,
Сөйлеп тұрмын таусылған соң амалым.
Кірпігімнің әр талынан өбіңіз.
Деммен емес, діріліңмен жылытшы.
Бүгінгі түн не айтсам да көніңіз
Тағдырды да, жазмышты да ұмытшы.
Бұлтыңызбен кетейінші ілесіп,
Басым ауған жаққа қарай тоқтамай.
Сен қызғанба! Күрең ойдан күле шық,
Тарпа бас сап сүйген кезде сотқар Ай.
Сіз емес ол. Күз ғой маған ынтыққан.
Сіз сүймейсіз. Күз сүйеді мені шын.
Мен де сіздей адалдықты пір тұтқам,
Мен де Күзге беріп қойғам келісім.
Сіз кеңсеге, мен сезімге байлаулы
Сізге қызмет, маған Муза маңызды.
Өзің жайлы доғарар ем ойлауды
Мына жүрек тоқтап қалар тәрізді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бекзада мұң өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Бекзада мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бекзада мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бекзада мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері