Мен азаптың аузындағы шылыммын!
Бұл бетте «Мен азаптың аузындағы шылыммын!» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен азаптың аузындағы шылыммын!
Сораптайды құшырланып ол мені.
Мен – шығынмын!
Шырын мұңға сатылғам,
Көк түтін боп тұншықтырам бөлмені.
Үнсіздігің сорып жатыр күл қылып!
Мыжғылайсың жүрегімді тұқылдай.
Ал мен сені көтеремін Күн қылып,
Күлсалғышта өмір сүрем ұтылмай.
Жұпарыммен жүйкеңізді емдеймін!
Жұтылудан қорықпаймын жоқ болып.
Мен өлмеймін!
Бұлқынғанда көнбей мұң
Шылымыңда оянамын шоқ болып...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі