Тыныштығын бұзып – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Тыныштығын бұзып» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1331
Тыныштығын бұзып келген түнектің
Танисың сен дыбысынан өкшемнің.
Өкінішті-ақ, лүпілінен жүректің
Жан дүниемді таниды ғой деп сендім.
Мен келгенде-ақ беріп қояр дерегін,
Әтірімінің иісінен танисың.
Жан дүниемнен жаңбыр аңқып келемін,
Сен сезбейсің сәби иісін, бал иісін.
Сен сонда да мен сүйетін төресің,
Өлмеу үшін қайдан алам төзімді?
Мөлт-мөлт етсем, көз жасымды көресің,
Қандай қиын көрмейтінің өзімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыныштығын бұзып өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Тыныштығын бұзып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыныштығын бұзып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыныштығын бұзып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері