Нарын

Бұл бетте «Нарын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1834
Таңдары құм Нарынның алтындаған,
күмістей құмдары бар жарқылдаған.
Кешегі ерлер жортқан құба жонда
асқақ күй, аспандаған ән тыңдағам.
Қайырмасы: Елдікке баулыған
кеңдікке баулыған
құндағым –
ақ шағыл құмдарың.
Қайран ел,
сайран жер –
киелі құм Нарын!
Естідім құмдарыңнан дала мұңын,
тербеткен тал бесікті ана жырын.
Өзіңе қарап білем ел-жұртымның
тағдырын, тақсіретін, даналығын.
Қайырмасы.
1999


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нарын өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Нарын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нарын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нарын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері