Алып Ер Тұңғаны жоқтау – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Алып Ер Тұңғаны жоқтау» атты Фариза Оңғарсынова жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тұңғаны алды ма,
Сұм дүние артта қалды ма…
Қайғылы жүрек жыртылды-ау.

Сұм ажал бүгін жылатты,
Құрығын салып құлатты,
Бектердің бегін сұлатты.
Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау.

Өмірдің күні зырлайды,
Адамның күшін ұрлайды,
Ғұмыр да мәңгі тұрмайды,
Құтылмас ешкім ажалдан.

Тәңірім торын құрғанда,
Тұтылмай адам тұрған ба,


Кертілер алып шыңдар да,
Тағдырдың оғы қадалған.

Ажалмен тәңірім сынаған,
Тұра алар қарсы кім оған,
Құздар да одан құлаған,
Құтылып ешкім кетпедің.

Аш арландай аларып,
Қадалғаннан қан алып,
Нұрлы жүздер қабарып,
Тұр қайғыға қамалып
Жауға шабар бектерім.

Ерлікті қаза сынады,
Бектерім жасын бұлады,
Бөрідей ұлып жылады,
Жоқтады жыртып жағасын.

Көңілімді қайғы жандырды,
Жазылмас жара қалдырды,
Кешегі күнге зар қылды,
Кеткенді қайдан табасың?

Жалғанның туып заманы,
Жауыздар қаптап барады,
Ашылды сұмның араны,
Сиреді қайран бектерім.

Біліктілер қалмады,
Заман оны жалмады,
Сүрінді бектің тарланы,
Салды жанға жараны.

Ажал жұтып ағаны,
Жауыз жайлап барады,
Жақсының өшіп жанары,
Дүние азып барады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алып Ер Тұңғаны жоқтау өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Алып Ер Тұңғаны жоқтау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алып Ер Тұңғаны жоқтау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алып Ер Тұңғаны жоқтау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері