Бақта – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Бақта» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1310
Мынау сылқым көктем бе, ей?
Бұл бақтарға қызғалдақтай
Қыздар жауып кеткендей.
Құмартады көңiл шiркiн бiр қанбай,
Гүл орнына қыздар-ақ
Билеп-толқып тұрғандай.
Жүрек, тыныс алшы жай,
Бозбалалар қансонарда iз кескен
Кәнiгi бiр аңшыдай.
Ән тыңдайсың құлақ түрiп, көз талмай,
Көктем, көктем екен ғой
Күмiс көмей, жез таңдай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері