Кексе ақынмен әңгіме – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Кексе ақынмен әңгіме» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 861
Ақындар көп сымбатты,
Әрқилы тек өресі.
Өлеңдерге сын қатты,
Уақыт бар төреші.
Жазғандарым тиіпті
Өткен күнге дұға боп.
Бүгінгілер биік-ті,
Бүгінгіге куә көп.
Шабыт содан шабандап,
Қалам содан кібіртік.
Арт жағыңа алаңдап,
Кете алмайсың жүгіртіп.
Жастар қуып шықты ғой,
Шаршадым мен жазудан...
Күрек тістер мықты ғой
Босап тұрған азудан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері