Талай рет сезімге ерік бергем – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Талай рет сезімге ерік бергем» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2962
Талай рет сезімге ерік бергем...
Мүмкін, көктем түсінер еріп көрген...
Ант берем де сүймеуге енді ешкімді
Қайта ғашық боламын неліктен мен?
Жүдеп көңіл титықтап сағыныштан,
Бұлтпен дос боп кетуші ем жаны құстан.
Соның бәрін ұмытқан бір-ақ сәтте
Қайт дейсің бұл жүректі алып ұшқан?
Жасырынып біреуден... Қашып... Тоңбай...
Жатсам деп ем самарқау, тасып-толмай...
Мүмкін емес екен ғой жүрек барда
Өмір сүру біреуге ғашық болмай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талай рет сезімге ерік бергем өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Талай рет сезімге ерік бергем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талай рет сезімге ерік бергем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талай рет сезімге ерік бергем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері