Не істедің? – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Не істедің?» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2171
Жүрегіңнен қандай жарық бөлінді,
Басыбайлы құл болардай сезімге?
Қай сөзіңмен өртеп кеттің өмірді?
Әйтпесе, айтшы, өртенетін кезім бе?
Не бар сенде мені сонша матайтын?
Халге жеттім тұра алмайтын көрмесем.
Құдіретің бар көк майсаны отайтын,
Жайрап жатам жай түскендей келмесең.
Шатастым мен шырмауыңа түстім де,
Жылай да алмай, жырлай да алмай түнердім.
Мұң шағады сынық қанат құс кімге?
Мені жынды көбелек қып жібердің.
Арымменен араз етіп өзімді,
Аяп мені бақылама сыртымнан.
Жалпақ жұрттан жасырғанмен көзімді
Бұл жүректі қайда қоям бұлқынған?
Сені ойлаймын жыласам да, күлсем де,
Бәлкім, мұңды көтере алмай үзілем.
Әлемімнің күйрейтінін білсем де
Жүріп келем ұстараның жүзімен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не істедің? өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Не істедің? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не істедің? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не істедің? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері