Керегі жоқ – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Керегі жоқ» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2118
Керегі жоқ жарықтың да, шамның да,
Сен отырсың сол әдептен оза алмай...
Өлең оқып отырмын мен алдыңда,
Жанымды оқып отырсың сен көз алмай.
Мың жүректі өртегенмен күйдіріп,
Бір жүрекке жетпей қалған дауыспын...
Кофе ішіп отырмын мен құйдырып,
Ал сен мені көзбен ішіп таустың.
Анау кальян, ал мен азап шекеннен,
Мына ғалам өзгермейді... сіз келіп.
Көше көйлек киіп алды көктемнен
Жақсы еді ғой шешіндірсе күз келіп...
Тағы да сол. Сол жағалау кафесі.
...Шығарып сал, күртешемді кигізіп.
Менікі емес, бұл көктемнің қатесі
Абайсызда алған беттен сүйгізіп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Керегі жоқ өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Керегі жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Керегі жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Керегі жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері