Қалып қойсын – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Қалып қойсын» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1237
Қалып қойсын елеусіз қуыста мұң,
Жарықтық Күн! Жалғызым!
Туысқаным!
Қанатыңның суырып күміс талын,
Шашып ойнап, сәулеңді уыстадым.
Маң-маң басып, жай ғана момын күліп,
Шуағыңа жібердің шомылдырып.
Мені қалай ояттың көңілді ғып?
Тереземнен жатқандай Өмір кіріп.
Жарықтық күн! Жалғызым еркелеген!
Жылуыңмын мен сенің, желкені- өлең.
Күнде-күнде жазылған әр өлеңмен
Әлеміңе бір шуақ ерте келем,
...және Күндей өзімді өртеп өлем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалып қойсын өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Қалып қойсын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалып қойсын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалып қойсын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері