Сен бір күні өксисің-ау аспандай – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сен бір күні өксисің-ау аспандай» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1502
Сен бір күні өксисің-ау аспандай,
Ішің толып төгілерсің жаңбырдай.
Мен сол кезде жауап қатам жасқанбай,
Шоғы сөнбей жаны күйген тандырдай.
Сен бір күні күрсінерсің жасындай,
Бұлттан жерге өлең болып құларсың.
Мен сол кезде айтам бәрін жасырмай...
Ең сүйкімді қателігім шығарсың.
Сен бір күні көктем болып құясың,
Қырдан қаулап қызғалдақ боп тірілем.
Қарлығаштай іздеп келген ұясын,
Тағдырың боп ораламын түбі мен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен бір күні өксисің-ау аспандай өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Сен бір күні өксисің-ау аспандай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен бір күні өксисің-ау аспандай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен бір күні өксисің-ау аспандай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері