Сен несіне мені сонша әуре еттің? – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сен несіне мені сонша әуре еттің?» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1901
Сен несіне мені сонша әуре еттің?
Әлеміңе мас боп кіріп, сау кеттім...
Сені сүйген мына жүрек жау маған,
Мен өзіме өзім келген нәубетпін.
Бұлтыңменен будандасып ұшқанмын,
Қадалмашы кірпігіме құшқан мұң.
Құстардың да құштарлығы қасірет,
Мен өзіме сенен де өткен дұшпанмын.
Ұшу үшін жаратылған құс едім,
Шырғаңызға өзім келіп түсемін.
Құса емін таба алмадым сондықтан,
Өзіңізді у секілді ішемін...
Мұңды желді босатайын еркіне,
Мұңды жырды босатайын еркіне
Аз ғана сәт аялдай гөр дертіме,
Аялдашы өзің қойған өртіңе...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен несіне мені сонша әуре еттің? өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Сен несіне мені сонша әуре еттің? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен несіне мені сонша әуре еттің? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен несіне мені сонша әуре еттің? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері