Ас беріп жатыр – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ас беріп жатыр» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Ас беріп жатыр,
«аруақ» үшін елімде,
Айып етпе, келіп тұр аз сөз көңілге.
Аға, маған алқа бермей, қамшы бер,
Қамшы ұстайтын ұлым бар еді, менің де.
Жыр жазу үшін, тілейді деп ақын күй,
Ақбоз ат сыйлап, салып та берме шатырлы үй.
Ырым болсын, Ескелді бидің тойынан,
Қамшы ұстап балам, болар ма екен батыр, би.
Көңілімнің жыртығын жырмен бүтіндеп,
Бұл күнді жүрмін көргеніме де «шүкір» - деп.
Жүрегіменен үндесіп әрбір қазақтың,
Жер - әлемнің жүрегі соғар лүпілдеп.
Оралған ұлы бабасын балам танысын,
Ежелгі жаумен егескен тұнық, таңы үшін.
Аға, маған алқаны бермей, қамшы бер,
Уақытқа мінсін, қамшылап ұлым намысын.
Намысын өрім найзағай қамшы жанысын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ас беріп жатыр өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ас беріп жатыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ас беріп жатыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ас беріп жатыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері