Кең өмірден кездестіріп сені алғаш – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кең өмірден кездестіріп сені алғаш» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 620
Кең өмірден кездестіріп сені алғаш,
Алғаш менің жас жүрегім гүл атты.
Сол бір көктем енді қайтып оралмас,
Сол бір көктем күлдіріп, кеп жылатты...
Қыз ғұмырын бірге өлшедің гүлменен,
Гүлге аяп қарамадың, солса да.
Махаббаттың бар екенін білген ем,
Көрген түстей, баянсыздау болса да...
Жұлдыздардан алқа тізіп түнгі көк,
Сағынышты ой көкірегімді тілгілеп,
Күнді сүйген таңғы гүлдей үлбіреп,
Сені сүйген болды менде бір жүрек...
Сол бір көктем маған мәңгі оралмас,
Оралмайтын ұшқыр, отты қиялдай.
Бір жүрегім сүйген жанып сені алғаш
Екінші рет қойды ешкімді сүйе алмай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кең өмірден кездестіріп сені алғаш өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кең өмірден кездестіріп сені алғаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кең өмірден кездестіріп сені алғаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кең өмірден кездестіріп сені алғаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері