Жоғалған етік – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Жоғалған етік» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1234
Жүр етігін әлі іздеп,
Жоқ бөлмеде, дәлізде.
Тұр сыңары мұңайып,
Енді кімнен сұрайық?

Жұрт көзіне көрінбей
Жоғалуы тегін бе?
Деді мысық: «Жатпасын
Қонақ үйдің төрінде».

Деді күшік: «Тақырда,
Мүмкін жатыр шатырда.
Жатуы да мүмкін ғой
Қора ішінде, ақырда».

«Жасың сенің нешеде?
Жоқ іздедің кеше де, –
Деді есек: – Доп қуған
Жатқан шығар көшеде».

Жоғалғандай түйесі,
Жоғалғандай биесі,
Әркімнен бір сұрайды
Салдыр-салақ иесі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері