Майдан жолында
Бұл бетте «Майдан жолында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүре бердік түк үнсіз,
Үзіліссіз, тынымсыз.
Кірпік ілмей ұйқысыз,
Жүре бердік шылымсыз.
Жүре берді ормандар
Танкілерді бүркеген.
Байқамады жау оны,
Тіміскілеп тінтіген.
Самолеттің барлаған
Аспанда тек гүрілі.
Жоқ болады жарқ етіп,
Алыста оттың дірілі.
Көп түн жаяу жүреміз,
Жатыр алда жол қанша.
Шіркін соғыс, соғыс па,
Жаяу әскер болмаса!
1942. Волхов майданы
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі