Бұл бетте «Асау шаңғы» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шаңғы сатып әперді,
Зымыраймын әке енді-
Дегем кеше, бүгін мен
Шыға салып үйімнен.
Мініп көріп шаңғыға,
Жүрмек болдым алдыға.
Қалт-құлт етіп бұл қалай?
Тұрмын әрең құламай,
Бір, екі,үш бастадым,
Бәрін артқа тастадым.
Бірнеше рет құладым.
Сонда да мен шыдадым.
Сырғанадым ақырын,
Жүрдім қанша шақырым?
Тулап еді жайындай,
Асау еді тайымдай,
Келдік, міне, қыр асып,
Қалды шаңғым жуасып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі