Дағдару – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дағдару» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 739
Асау арманың
Қылша мойнына
Қыл шылбырлы
Тұзақпен
Асау аттай құрықтаулы.
Шығар есігің де,
Кірер тесігің де
Құлыптаулы.
Күн-тұні
Есітіп жатасың —
Құлақты сарсылтқан! —
Толассыз сандырақ бір...
Үстіне албасты
Мініп алғандай
Мына тірліктің
Иіні салбырап тұр.
Алдың да қараңғы,
Артың да қараңғы...
(Таба алмай амалды
Сол бір түнекке
Дүние қамалды.)
Әйтеуір ,
Жан-жаққа,
Қарасаң,
Аңғарып бір:
Жұрт біткен —
Бәрін жоғалтқан! —
Түрмеден шыққан адамдай
Қай жаққа
Жүрерін білмей
Дағдарып тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дағдару өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дағдару өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дағдару өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дағдару өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар