Інілеріме – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Інілеріме» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 890
Жақын күндердi бiтiрiп
Алыс күндерге кетiп барамын.
Сендердi сол күндерге
Ертiп барамын.
Айналайындарым,
Қиын күндерде
Менi ортаға ап
Айналғандарым.
(Ағаларым бар болсын! –
Оларға ендi
Аллатағала
Жар болсын)
Сөздерiңдi тыңдап
Сан тебiрендiм, –
Қашқан бұлтты ұстаған –
Болашақ –
Найзақаралар мен
Хантәңiрлерiм.
Жас болса да
Көкiректерi қазына
Көнелерсiңдер...
Өкiрiп жатқан теңiзде
Боздап жүрген
Кемелерсiңдер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Інілеріме өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Інілеріме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Інілеріме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Інілеріме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері