Өлеңім

Бұл бетте «Өлеңім» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1132
Өлеңім-ау!
Дүниенің түрі жаман!
Түптің-түбінде қалжырап
Сен де өлесің,
Мен де өлемін-ау!
Мен сенімен
Тоғызыншы класта кездесіп
“ Қабырғада сұр шеге
Ұстап тұр ғой киімді
Мен де сондай өмірге
Болсам деп ем тиімді .”
Деген едім .
Ол кезде мен
Көк жасық көбең едім .
Сол кездегі арманым
Әдіре қалды .
Тілек–үміттерімнің бәрі
Қоқыстай қобырап жанды .
Енді , міне ,
Заманның түріне қарап
Жаным қабарып тұр .
Қазір менің өлеңімнің –
Ұрыстан шыққан сарбаздай –
Тұла бойынан
Қып-қызыл
Қан ағып тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлеңім өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өлеңім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлеңім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлеңім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері