Жанардың хаты

Бұл бетте «Жанардың хаты» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 1
  • 1686
(Оралхан Бөкейге)

1
Өзегімді неге өртейді барша мұң?
Оралар ма, оралмас па бал шағым?
Сізсіз өмір, көзсіз қоғам ішінде
Өзімді іздеп, жоғымды іздеп шаршадым.

Сұп-сұр тұман, дала ма, әлде қала ма?
Әлдекімдер тұз себеді жарама.
Жан айқайым естілмейді ешкімге,
Жұрттың бәрі саңырау боп бара ма?

Өз ойыма өзім сосын күйемін,
Тарқатса ғой қалың шердің жиегін.
Ақтарылар жан таба алмай, басымды
Мұздай суық қабырғаға сүйедім.

Жабырқатар жалғыздық қой мекенім,
Кімнің енді ес тұтамын жетегін?
"Соқыр ғой" деп қарайтындар сезбейді-ау,
Жүрегімде жанарым бар екенін.

2
Қуантпады жазмышым... сыйсыз неге?
Батар ма екен қайраңға күйсіз кеме?
Әр түн сайын жылаймын ағыл-тегіл,
«Соқыр көзден жас шықпайды» дейсіз бе, не?

Жан жыласа, жанардан ағар мұңым,
Тағы да сары уайым табар бүгін.
Тағдырымды қайтемін, күрсіндіріп,
Алқымыма ап-ауыр тағар жүгін?

Ауырлаған бұл күні кірпігім де,
Бақыт біткен біз жақтан үркіді ме?
Ақтарылғым келсе де, ашыла алмай,
Айтарымды айтқызбай іркіді не?

Үміт суық, арман мұз, сенімім сыз,
Түнек тірлік жұтады мені де үнсіз.
Адастым-ау... мәңгі түн әлемімнің
Шамшырағы, жарығы едіңіз сіз...


Пікірлер (1)

Қазақстан

Өтте көп тақпақ екен азайтыңыз жарайды ма ренжімеңіз кешіріңіз

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанардың хаты өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Жанардың хаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанардың хаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанардың хаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері