Ақ иықтан басталатын ақ бiлек – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ақ иықтан басталатын ақ бiлек» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 611
«Ақ иықтан басталатын ақ бiлек...»
Артығали

Ақ иықтан басталатын ақ бiлек
Базына айтты: «Басың маған батты» деп.
Қыздың елi ертегiдей ен жайлау,
Қыздың лебi қымыздан да тəттiрек!
Қыздың назы – тəндi ерiтер тəттi у-бал,
Тамсанғанға тамшысын да таттырман!
Қандай сезiм Айнамкөздiң, құдай-ау,
Қайқы қара кiрпiктерiн қақтырған?
Қыз қылығы қытықтайды ындынды,
Күйдiргiнiң күлкiсi де сыңғырлы!
Бұлыңғыр түс...
Бұлдыр-бұлдыр елестей
Қалай ғана ұмытарсың бұл күндi?!
Ақ иықтан қап-қара түн сырғиды,
Қара түнге саусақтарым сүңгидi.
Ақ бəденнiң белден бергi бедерi
Бейнелейдi беткей менен ылдиды...
Ақ иықтан басталатын ақ бiлек
Талаурады: «Таң қалай тез атты?..» деп.
...Ақбоз үйдiң түндiгiнен түрiлген
Əлде қайда көшiп бара жатты көк...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ иықтан басталатын ақ бiлек өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ақ иықтан басталатын ақ бiлек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ иықтан басталатын ақ бiлек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ иықтан басталатын ақ бiлек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері