Кiрпiгiңе жас қондырмайын

Бұл бетте «Кiрпiгiңе жас қондырмайын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 561
Кiрпiгiңе жас қондырмайын,
Жанарыңды жасқандырмайын.
Жанымда жүршi жарығым менiң,
Шапағын тауға шашқан нұрдайын!
Аққумен құрбы пəк құсым менiң,
Арыңа əппақ дақ түсiрмейiн.
Тамсанып ернiм,
Əн салып көңлiм,
Талықсып жатып «тəттiсiң...» дейiн.
Үзбесе жасыл желегiн қайың,
Өзiңе əн мен өлеңiм дайын.
Аузымнан түспей Құранның сөзi,
Алла мен саған сенемiн дəйiм!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кiрпiгiңе жас қондырмайын өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Кiрпiгiңе жас қондырмайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кiрпiгiңе жас қондырмайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кiрпiгiңе жас қондырмайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар