Бақыттың құны – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Бақыттың құны» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бақыттың құны- бақытты іздеп
құлаған ,
Титтей қуанышқа бақандай етіп
жылаған.
Мейірімді Алла мейірімін төгер
деп бір күн
Соның алдында тізесін бүккен,
сұраған.

Бақыттың құны- өзінің елді
мекенін,
Білгейсің дәйім тыныштық керек
екенің.
Бір Алла қолдап, бір Алла қорғап
жерімді
Өзіңмен бірге жырыма тиек
етемін.

Бақыттың құны- әкешің және
анашың,
Жоқ, әлде бар ма таласын?
Анықтап берер ағы менен
қарасын
Ақылыменен үйлестірер жарасым.

Бақыттың құны- ажырамас
бауырың,
Одан басқа таба алмайсың тәуірін.
Бойымызға сыңар қанды сіңірген
Қолдай жүрсің, қорғай жүрсің
Тәңірім.

Бақыттың құны- есен-сау сенің
отбасын,
Жарың, балаң- топтасың.
Жаратушы Ием жарылқасын
әрдайым
Айрандай ұйып тұрған отбасың.

Бақыттың құны- бақытты іздеп
жүргенін ,
Қайғыға налып, әп сәтте шат
күлгенің.
Жазылған тағдыр зымырап бір
күн өтеді
Бақыттың құны сәттерге толы
күндерің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақыттың құны өлеңінің авторы кім?

Қасен Мөлдір Жұмабайқызы — осы өлеңнің авторы.

Бақыттың құны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақыттың құны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасен Мөлдір Жұмабайқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақыттың құны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері