Жастық шақтың жарқырамай маңдайы – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Жастық шақтың жарқырамай маңдайы» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2310
Жастық шақтың жарқырамай маңдайы,
Бәлкім өзім сәтсіздікпен тел өстім?!
Ажал – аңның кеберсіген маңдайы,
Арманымды қорғай алар емеспін.
Пәк арманым мезі болып мәңгіріп,
Шыңғырады шарасына сыймастан.
Күндеріме қасаңсыған сән кіріп,
Егіледі түндер жасын тыймастан.
Сен бе арманым, әлде мен бе озбаған,
Күміс көңіл сәбиінен алданып.
Боз інгеннің ботақаны боздаған
Балалық қап, жастық елді сандалып.
Жастығымда әлің құрып, шаршадың,
Егделікке енді қалай жетеміз?
Қаншама жыл мен тек сені аңсадым,
Енді менің мұңдарыма төтеңіз,
Енді өмірдің мазағына төтеңіз.
Сені құшам, бірге өлемін сенімен,
Бәлкім сөйтіп сорларымнан кеш қашам?!
О, арманым, қоштаспашы менімен,
Қоштасқандар оралмайды ешқашан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастық шақтың жарқырамай маңдайы өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жастық шақтың жарқырамай маңдайы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастық шақтың жарқырамай маңдайы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жастық шақтың жарқырамай маңдайы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері