Кей сәттерде – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Кей сәттерде» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1361
Көңіл күйім күңгірттеу, қайтыңызшы,
Көздерімнен жан сырым сезілер тым.
Сіз қайтушы едіңіз, айтыңызшы,
Кей сәттерде бәрінен безінетін?!.
Кейде тауың құм болып шағылатын,
Кейде сезім үркектей қашатұғын.
Сол сәттерде бәрінен жалығатын
Айтыңызшы, кім көңіл басатұғын?..
Кейде билеп жанымды тұманды күз,
Кейде күдік қасқайып жығылмайтын.
Кімнен ақыл сұрап, сіз, қуандыңыз,
Кей сәттерде ештеңе ұғынбайтын.
Мендік достар ұнатып «шекер қызды»,
Сезім атты өмірге шат болатын.
Қандай жандар жұбатты екен сізді,
Сәттерде бар дүние жат болатын.
Армандарым — желкені көк кеменің,
Ойларым бар қиялдан қалыспайтын.
Кімге өкпе айтып, кімдерге өкпеледің,
Сәттерде ең жақының алыстайтын?!.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері