Ауған жауынгерлеріне – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Ауған жауынгерлеріне» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2188
Гиндикуштың шыңдарында сұрланған,
Қалды сендік ұлы үміт пен нұрлы арман.
Кімнен құнын сұрайын мен, айтшы, дос,
Жастығыңның сол жылдарын ұрланған?
Таңғы дабыл,
Қанды шабуыл есінде,
Өмір үшін тартысты олар төсіңде.
Сағынышты сәлем хатқа сыйғызып,
Ақ сезімді сөнген оттай өшірген.
Қарамастан жауындар мен салқынға,
Күтті анасы жалғыз ұлын алтындай.
Туған жердің топырағы бұйырсын,
Әзиз Алла, амандық бер мәрт ұлға.
Мұңды Кунар,
Әйгілі асу Саланға,
Сан жолдасы жан тапсырды алаңда.
Қыршын кетті қылшылдаған қырандай,
Жанарға емес, қайғы толды санаға.
Ерлік күткен елі қайда сормаңдай,
Батыр жүрек ажалы ма, қорған ба?
Дүниенің жалғандығын ұғынды,
Хас ғұмырлар жас желектей солғанда.
Ауған жері,
Тауда желің ызғарлы,
Далаңда да бір қатыгез сыз бар-ды.
Көкірегінде өмір сүріп жүрсің сен,
Сүйгендері оралмаған қыздардың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері