Арман қала Алматы

Бұл бетте «Арман қала Алматы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4487
Әнін жазған Әлия Бүшікова

Арман қала Алматы,
Асқақтаған ән аты.
Алатауы – аялы ана,
Жерұйық жаннаты.

Қайырмасы:
Тұрған көкке тиіп,
Теректері биік.
Алматы – арайлы таң қала.
Жанарлары жарқын,
Адамдары алтын,
Алматы – сән қала, ән қала.

Арман қала Алматы,
Балдай тәтті алмасы.
Бұлақтары сылдырап аққан,
Жаңа күн жалғасы.

Қайырмасы:

Арман қала Алматы,
Қыран ойдың қанаты.
Әрбір таңы бақытқа бастап,
Соғады сағаты.

Қайырмасы:
Тұрған көкке тиіп,
Шыршалары биік,
Алматы – арайлы таң қала.
Көшелері оқтай,
Гүлдері от шоқтай,
Алматы – сән қала, ән қала.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман қала Алматы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Арман қала Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман қала Алматы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман қала Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері