Шопан – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Шопан» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2318
Aта кәсіп тy алыстан бас алған,
Бұл күнде оның тұр-мазмұны жасарған.
Шопан болып жүрген құрбы-құрдасқа,
Мен қызыға қарап келем қашаннан..
Жасыл жайлау, қиялымды тербейсің,
Көңіліме бір тыныштық бермейсің.
Қайда барсам қой өргізген жас жігіт,
Ақсақалды аталарды көрмейсің.
Ақыныңды шопан «көзге ілмеген»,
Киімі анау - үлде менен бүлдеден.
Қаладағы кеңестерде ол тағы,
Суырылып сөйлеп тұрар мінбеден.
Ақын. Шопан. Айту қиын бөлектеп,
Бұл жөнінде жаза берсем дерек көп.
Бір шопан дос бүгін мені ұялтты,
Бір жырымды қайта жазу керек деп.
Мен осылай ойда жоқта от алдым,
От алдым да, ойды өлеңге қотардым.
Қаламымның қасиеті артады,
Қатар қойсам таяғымен шопанның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шопан өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Шопан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шопан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шопан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері