Бұл бетте «Тура сөздің түбі бір» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құлақ бар домбырада,
бұрауын оң бұрадым –
күйге келді.
Ұл берді Тәңір оңдап,
кәмелет жеткен шақта
бір келін үйге келді.
Құлақ бар – бір баста екеу,
айтқан сөз ұғатұғын,
жастықтың желігі ме,
ата-ана ұлағаты
құлақтан шығатұғын.
Келін деп марқайтайын,
Кесірден сақта құдай!
Мен айтқан асыл сөзді
ұмыттырып,
Желімдеп өз айтқанын
Жалғыздың құлағына
Жапсырған әппағым-ай!
Әппағым-ай,
Әппақтың арғы жағы
Қарайғаннан сақта құдай!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі