Толқын, толқын, толқын – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Толқын, толқын, толқын» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1143
Толқын, толқын, толқын,
толқын, толқын жыр,
Толқып-толқып соғатұғын жар таппай,
Тар кемерде шалқи алмай, тасымай
Толқынды жыр
Толқудан да, толқымаудан қорқып жүр.
Сарқыраған арын қуат жырымда
сарқырап бір төгіле алмай, көлкіп жүр.
Көлгір маңай, көген көздер, көр көкірек
Толқын соғар жарқабаққа жарамас
Итжайдақтар – құр айтақтар жұртым дүр...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері