Жанымды тепкілесең де – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Жанымды тепкілесең де» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1350
Жанымды тепкілесең де,
Бал шағың кетті десең де,
Азапты күнде жесем де
Зәріңді төкпе демеймін,
Мен саған өкпелемеймін
Өмір.
Арманды аялап жүрген,
Жалғанды саялап күлген,
Бір күнде оққа ұшырдың,
Өзімді жоқ па жер құшырғың?
Кейде рас, жеңілем ойдан
Бірақ та егіле қойман.
Бақытты көз ілгенімде
Уақытты сезінбедім бе,
Әлде сен өзім дедім бе?
Қайғыны елей қоймадым,
Жайлы күн жебей ойдағым.
Бір әнім гүл атып кеудемде,
Жұбанып үмітке бір демде
Бәрі енді жаңаша дедім.
Сен неткен тамаша едің?
Арымды жараласаң да,
Барымды қараласаң да,
Төмендеу бағаласаң да
Қуаныш тек көрем алдан,
Мен сені жек көре алман
Өмір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымды тепкілесең де өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жанымды тепкілесең де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанымды тепкілесең де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанымды тепкілесең де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері