Неге? – Бернияз Күлеев

Бұл бетте «Неге?» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3132
Жұрт жатқан жеті түндерде,
Неге бұл ұйқым келмейді?
Сайраған құстар үндерге,
Ой неге көңіл бөлмейді?
Жүрегім неге тоқтамай,
Дүріс те дүріс соғады?
Елеулі ойды жоқтамай,
Құлағым нені ұғады?
Аязда тұрған алмадай,
Ақ жүзім неге суиды?
Айбары суық найзадай,
Қай қиял маған жуиды?
Ойларға өзге бой берген,
Не мені алған шырмытып?
Өзгені онша қол көрмей,
Жүректі сорға сыздатып.
Қорықпай, саспай тереңге.
Ой неге мұнша бойлайды?
Бар ойды тастап бір өңкей,
Бұл көңілім нені ойлайды?
Алқынып асау жүрегім,
Жас неге сел боп парлайды?
Жүрекке қосып тілегін,
Домбырам неге сарнайды?
Сыр бермес, ортақ шешен тіл,
Айтпайды ашып мән - жайын.
Ашылмас езгі ауыр сыр,
Барлығы мұнда дап - дайын...
Айтпай - ақ құрбым білерсің,
Басыңнан талай кешкенді.
Көремін тәуір жүйесін
Үндемей ішкен шешкенді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге? өлеңінің авторы кім?

Бернияз Күлеев — осы өлеңнің авторы.

Неге? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бернияз Күлеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері