Мен саған жат қыр баласы
Бұл бетте «Мен саған жат қыр баласы» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен саған жат қыр баласы,
Қырда тудым, қырда өстім.
Таулы, тасты айналасы,
Көлде жүздім, су кештім.
Ыңды - зыңды үлкен қала,
Маған теріс, маған жат,
Алдарқатқан жалғыз ғана
Жас періште көңілі шат.
Тек сол ғана жұбанышым,
Соған бола күн өтті.
Ойды билеп алды күшім,
Отсыз өртеп жүректі.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі