Жүсіпбайға – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Жүсіпбайға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1204
Қадірден хат жолдадым Жүсіпбайға,
Ер едің ойы терең, тілі майда.
Сонда да себебі не, сөйлеші өзің,
Қинадың: "Қиял жаз!" - деп қысаң жайда?
Тұтылып түтін менен тозаң, шаңға,
Көрмей тұр кірбің тартып кеуіл айла.
Қарғаша қалаңда да қарқылдамай,
Бағыңа, бұлбұл болсаң, қонып сайра.
Болып тұр би мен болыс, бай мен құлақ,
Қояндай құстан қорқып жатқан сайда.
Қара нан қарны ашқан соң қанттай болды,
Жандарға жақпайтұғын ет пен шай да.
"Кейіні кеніш - реніштің" деген сөз бар,
Қайбірің қапаланбай, шүкір ойла.
Айтылған өтінішің орындалар,
Болатын бола қойсақ бұл маңайда.
"Бостандық тұтқындарға тиер - ау " деп,
Үмиттар үлкен-кіші осы айда.
Жаратқан жоқтан бар ғып жұмла жайды,
Қайткенмен іс тетігі бір Құдайда!
Көрсетер кеңшілігін кешікпей - ақ,
Жат - жұртым сабыр етіп, соғып шайла.
Қарасақ қалыбында, қайбір халық,
Болғанмен бүліншілік бұл қайда.
Дегенге дәуір келіп, ұшырармыз,
Бұзылған құралыңды қайта сайла.
Ойға алған арманыңның бітуіне,
Тілектес жар - досыңбыз жүрсең қайда.
Көркейтсе кеуіліңді Алла, ғажап емес,
Бағыңа бір топ шынар етіп пайда.
Болмайды игіліктің ерте-кеші,
Беліңді, босаңсымай, берік байла.
Дұғасы досқа достың қабыл болып,
Боларсың қуанышта әр қалайда.
Деп молла Тұрмағамбет қолын қойды,
Ала бер аттай көріп берсем тай да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүсіпбайға өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүсіпбайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүсіпбайға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүсіпбайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері