Бұл бетте «Жібімей жанның тоңдары» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жібімей жанның тоңдары,
ішінде жатсын бұлт тегі,
жарқылдап тұрсаң болғаны –
жақсы көреді жұрт сені.
Биязы, нәзік қалпыңмен
жайдары жүрсең нұрланып,
тоңдырған ылғи салқын дем –
жаныңнан шықпас бұл халық.
Төзімің жетсе сен егер,
көрінсең жақсы жағыңмен
досың боп бәрі келеді ел,
көздейтін дұшпандарың кем.
Болмағанменен ешкімнің
арына тиер сорлы ісім,
шаттығым сирек, кекшілмін,
құбылған толқын – болмысым.
Төзбесін көп дос – кемімен,
жолымнан жылжып шет қалсын,
жалғыз да болса, менімен
дауылды бірге бетке алсын.
Жатқандай үңгіп, мұң ішін,
жұғымсыз десін ел мені,
әлемім, ауа, тынысым –
Ай, Күндей достар мендегі.
1983
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі