Тобылғысай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тобылғысай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2274
Әнін жазған Меліс Өзбеков

Сұрасаң, біздің ауыл Белтұрғанда,
Майысар қайың ағаш жел тұрғанда.
Сұлуын өзгелердің не қылайын,
Бұрылып тал шыбықтай сен тұрғанда.

Қайырмасы:
Жұлдызымсың,
Қырмызымсың.
Талайдан аңсап жүрген
Гүл қызымсың.
Тобылғысай,
Тобылғысай,
Өзіңмен дүниенің өңілдісі-ай.

Манаурап алтын арай таң атады,
Бойыма үміт отын таратады.
Есіме сен түскенде, беу қарағым,
Өзіне Тобылғысай қаратады.

Қайырмасы.

Қайдасыңдар достар-ай?
Жүремін жалғыз бос қалай?
Сағынып жүрмін сол кезді,
Қу тіршілік көңілімді қоштамай.
Бас қосыла қалғанда,
Айтылмай сырлар қалған ба?
Оралып қайта келер ме,
Сол бір күндер мына қысқа жалғанда!?

Қайырмасы:

Аңсаған армандар қаншама,
Айналды қиялға,
Бұл әлем қанша кең болса да,
Сендерсіз сиям ба?
Көкте үнсіз көшкен ай,
Кеудем менің бос сарай,
Сағындым ғой,
Сағым болған достар-ай.
Достарым-ай ақ маңдай,
Акқулар қанат қаққандай,
Жүздерің жарқын елес қой,
Көк аспанда қалқып бара жатқандай.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тобылғысай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тобылғысай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тобылғысай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тобылғысай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері