Той жыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Той жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1988
Әнін жазған Меліс Өзбеков

Құтты болсын тойлары,
Жарасыпты ойларың.
Бала емессің, жігітім,
Енді ойлағын.

Жігіттер:
Біз де соны айтамыз,
Келіп, сіз де байқақыз.
Күндеріңді үйленген
Тойлап қайтамыз.

Бәрі бірге:
Кел, құрбылар, қосылып,
Әнге салайық.
Тұрмаңыздар тосылып,
Тамашалайық
Жадырайық күлейік,
Шын думанға кірейік.
Екі жасқа жарасшы
Бақыт тілейік.

Қыздар:
Жақсы ісіңмен жарқылда,
Талабыңнан тартынба.
Тау суындай, жігітім,
Дәйім аңқылда.

Жігіттер:
Келін біздің қырмызы,
Еліміздің жұлдызы.
Мақтан етсіп ауылдың
Сені ұл-қызы.
Бәрі бірге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Той жыры өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Той жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Той жыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Той жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері