Біздің заң – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Біздің заң» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3146
Санаға білім нұрларын
Жинасақ күнде бәріміз,
Түсінсек өмір сырларын,—
Ол біздің өсу заңымыз.
Туған жер төсін зерттесек,
Алтыны қайсы, мыс қайсы,
Алмайтын қамал жоқ десек —
Дегізген өмір нұсқасы.
Адамзат билеп аспанды,
Айда да тұрса гербіміз,
Аударып тастап тастарды,
Құлпырта берсек жерді біз.
Көрінсе біздің күш көктен,
Көрінбек болса әлі де,
Осының бәрін істеткен —
Советтік өмір заңы де!
Адамзат жердің бетінде
Бақытын тапсын десек біз,
Арманын қуып жетуге
Қанатын қақсын десек біз.
«Соғысу» деген сұмдықты
Ұмытсын адам десек біз,
Жарқырап жерді күн мықты
Жылытсын әмән - десек біз.
Өмірде көбейт досыңды,
Достықсыз тірлік сәні не?
Айтқызған бізге осыны
Советтік өмір заңы де!
Адамның атын ардақтап,
Жұқтырмай оған кір, тозаң,
Келеді қорғап, нық сақтап,
Құдіреті күшті біздің заң.
Етеміз мақтан мұны біз,
Сүйеніп соған өсеміз.
Береке толы үйіміз,
Мереке толы көшеміз.
Осындай мықты, шат елмен,
Сүйсіне жасар жанымыз.
Күнде бір жеңіс әперген
Жасасын бақыт заңымыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің заң өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Біздің заң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің заң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің заң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері