Күтемін келісіп көркім көп – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Күтемін келісіп көркім көп» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1674
Күтемін келісіп көркім көп
Күнде.
Маған келер ең, еркің жоқ
Мүлде.
Хақым да жоқ менің сүюге
Сені
Себебін болмайды білуге,
Білме.
Сенсіз дүние қараң
Демен
Үзілді менімен араң
Неге?
Қайда ұшты сезімің нанымды,
Айтшы....
Қайғыны қайтем жанымды
Жеген.
Несіне сағынам солып,
Еріп.
Кетесің көрмеген болып,
Көріп,
Тіршілік тақпаққа нандың ба
Солай
Барамын алдыңда
Өліп.
Айтылмай сөзім қап
Тілде.
Құштарлық төзімді ап,
Бірде
Алайда хақым жоқ сүюге
Сені
Себебін болмайды білуге,
Білме!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері