Бұл бетте «Сағындым сені» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құшағыңды сағынып жүрек кейде, Шығып кетіп қалардай бұлқынады. Шулы қала шуымен тірек кейде, Ал тіршілік жұлқиды, жұлқынады.
Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп, Бұзық болып жүргенім жоқ жең түріп. Гүлнар киген қара көйлек үстімде Қара шашым қара желге серпіліп.
Жабырқаймын, мұң ғашық кезім бе еді? Сенің бейнең елітіп елестердей. Балаңдықпен бақ қуып, сезімге ердім, Қайғы барын өмірде мен ескермей.
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі