Жоладың маған несін сен? – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Жоладың маған несін сен?» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1353
Жоладың маған несін сен?
Ұнаттым сені не үшін мен?!
Тіршілік тыныш быт-шыт боп,
Жаңылдым енді есімнен.
Сезімді сөнген үрледің,
Тәнімде сұмдық жүр менің.
Кездесіп бейуақ
О, жалған,
Кіл ғаріп күндер сүргенім.
Миымда қонып мәңгі арман,
Ертегі күткен таңдардан
Еркелеу ақын қыз едім,
Опырылып түстім заңғардан.
Тірлігім қалды тегі – үміт,
Қиялға шындық жегіліп.
Құлы боп кеттім...
Өлеңім?!
Өлеңім қалды егіліп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері