Біздер жеңдік! – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Біздер жеңдік!» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 5
  • 19088
Біздер жеңдік! жоқ болып, жаралы боп.
Біз куандық алдымен қаралы боп
Қарсы тұрдық аждаһа алдында біз
Туған жердің аязы, бораны боп,
Біздер жеңдік,намысты жібермедік.
Аждаһаны кезінде шідерледік.
Қорламасын дедік біз екінші рет,
Тыныш жатқан бір елді бір ел келіп.
Біздер жеңдік қарумен, түренмен де,
Көгімізден қан тамды түнергенде,
Өзімізді запаста ұстадық Біз,
Әкемізді майданға жібергенде!!!
Біздер жеңдік:анамыз ақтай солды,
Мамық төсек қайғыдан тақтай болды.
Майдансыз біз шайнаған бір түйір нан,
Кеудемізде қадалған оқтай болды!!!
Болды!,.
Болды!..
Бәрін де білесіңдер,
Бұл Жеңісті әркім де үлесім дер.
...Аждаһалар тіріліп келе жатыр!
Сақтаныңдар, Адамдар!
Күресіндер!!!


Пікірлер (5)

Ернұр

Өте өте керемет

Шынболат

Омр жайлы

Мұқағли Мақатайев

Өлеңдер

Азамат

Мұқағли Мақатайев - Біздер жеңдік!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздер жеңдік! өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Біздер жеңдік! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздер жеңдік! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздер жеңдік! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар