Қуын-ай

Бұл бетте «Қуын-ай» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 1
  • 4356
Бар еді досымда
Кішкене ала доп,
Біздің үй қасына
Ойнайтын ала кеп.
Сол допты досымнан
Қиылып сұрадым.
Ол менің қасыма
Жақындап бір адым:
— Бар ғой доп дүкенде,
Сатып ап жаңасын,
Маған бер, сөйткенде
Мұны сен аласың!—
Деп қойды,
Көзімше
Кепкесін жапырып.
Мені бір
Өзінше
Кетпекші қатырып!


Пікірлер (1)

Расул

Рахмееееееет!!!!!!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуын-ай өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қуын-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуын-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуын-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері