Қарасу – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қарасу» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1292
«Қойбағар» көлден су ұрлап,
Қашады өзен Қарасу.
Тосатын оны құр-құрлап
Арада неше бар асу.
Өзі де суын ұрлатып
Пысық, озбыр сайларға,
Таңдайын шілде құрғатып,
Қалатын шығып қайранға.
Енді, құрбым кеп қара,
Қарасу бойы қалың дән,
Қарасу бойы көп қала,
Бәрі де кеше салынған.
Қарасу үсті қаз-үйрек,
Таңда өзен толы құс.
Көңілде қалсын, көз үйрет,
Осынау ғажап көрініс!
Көкжиекке батып күн,
Қаздар кайтқан шақ қандай!
Өзеннен шығып ақ толқын
Әр үйге кіріп жатқандай.
Қарасу бойы — жақсы өмір.
Күндізі - еңбек, кеші — сайран.
Адамы қандай ақ, көңіл,
Таппайсың, шыным, ешқайдан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарасу өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қарасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері