Жасыл жапырақ – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Жасыл жапырақ» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 882
Жасыл жапырақ,
Сырласпаппыз біз көптен,
Қоғам мынау қалды адасып ізеттен,
Адам қалмай, сене алатын бір сәт те,
Сені іздедім,
Ұқшы мені құшақта...

Сары гүлдер өңімізді ашады,
Екеуіміз жап-жасыл боп тұрған соң,
Толқындардың даусы моншақ шашады,
Қызыл-жасыл кемпірқосақ туған соң.

Жасыл сырға оранған гүл жастығың,
Әділет пе,сарғайғаны күні ертең,
Келе сала, бастайтұғын қастығын,
Күзді қалай кешіре алам жүрекпен.

Жазға ғана жарасатын келбетің,
Әлде, күздің қаламадың сүйгенін,
Әлде, өзіңнің қадіріңді өрнектім,
Білдіргің кеп, сары түске жиі ендің.

Соншалықты қысқа шыққан жастығың,
Көктем сайын ораларын тіріліп,
Айтшы маған, күз бен қыстың қастығын,
Екеуіміз жеңетіндей бірігіп...

2015 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасыл жапырақ өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Жасыл жапырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасыл жапырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасыл жапырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері