Шын Жалғыздық – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Шын Жалғыздық» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Шын Жалғыздық,
Мына менің мойнымда,
Соның бәрін кешкеніме
Шын алғыс!
Тойған кезде,
Сансыз,мәнсіз сойылға,
Сойқандар мен соққандарға,
Кенеттен,
Қарғыс болып аттанардай бұл алғыс.

Көрдім сүйіп,
Көрдім өшіп,
Күйіп те,
Қызыл майдан тапқаным мен енгенім,
Панасынан жаласы көп биікке,
Таланымды құрбан еткен пендемін.

Біз солаймыз,
кейде олай-бұлаймыз,
Шетімізден бір-бір Патша,
Құдаймыз,
Адам түгіл,
Алланы да мазалап,
Өле-өлгенше
Тыным бермес жыр-әнміз.

2005 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шын Жалғыздық өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Шын Жалғыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шын Жалғыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шын Жалғыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері