Қазақ елім бұл менің

Бұл бетте «Қазақ елім бұл менің» атты Ерлан Ахмет жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Асқар тауын, дархан дала, айдынын
аялаған баспасын деп қайғы-мұң.
Бабалардың найзасында ойнаған
азат күні қазағымның – айбыным.

Кеңдігімен танылған –
байтақ жерім бұл менің.
Ерлігімен танылған –
қазақ елім бұл менің.

Алтын күнге қанат қақты қыраным,
Бостандықты аңсап келді пырағым.
Желтоқсанның ызғарында шыңдалған
қазағымның қайсарлығы – тұмарым.

Отаны мен отауының ақ таңы,
бақыт шағы – арайланып атқаны.
Асқақтаған Астананың ажары –
қазағымның армандаған мақтаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ елім бұл менің өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Қазақ елім бұл менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ елім бұл менің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қазақ елім бұл менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері