Севан көлі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Севан көлі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4232
Севан көлі —
Жырға жақын,
Севан көлі—
Сильва ақын.
Айнала тау арасында —
Құйылып көз шарасына
Жатыр Севан —
Ақын Севан
Ұқсап бұлттың баласына.
Жатыр Севан
Армянның
Мәңгі арылмас көктеміндей.
Жатыр Севан
Саят Нова
Саздарының шектеріндей.
Жатыр Севан
Жасыл толқын
Қанатымен шашын өріп,
Жатыр Севан
Арараттың
Арманды бір жасы болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері